Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «42 градус ыстық»: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

«42 градус ыстық»: 18 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды


ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан өңірлерінде 18 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Тек республиканың шығысында күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Ұлытау, Абай Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-41°с қатты ыстық сақаталады, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық (42°С) күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 шілде 2023 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930