Оқушылар енді мектепке вейп алып кіре алмайды
Оқушылар енді мектепке вейп алып кіре алмайды. Оқу-ағарту министрлігі оны білім ордаларына кіргізуге тыйым салынған заттар тізіміне қосты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөз
Еске сала кетсек, биыл вейптерді сату мен оны өндіруге заң жүзінде тыйым салынған. Заңнан аттап өткендер бес жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Дегенмен бұған дейін вейптерден басқа темекі өнімдерін, электронды шылым түрін мектепке алып кіруге болмайтын. Енді жаңа түзетулерге сәйкес бұл тізім вейптермен толықты.
«Оқу-ағарту министрлігі заңға сәйкес, мектепке кіргізуге тыйым салынған заттар тізімін толықтырды. Терминологиялық өзгертулерге сәйкес, білім ошақтарында оқушылар вейп шекпеуі тиіс, оларды алып кіруге де рұқсат жоқ».Оқу-ағарту министрлігінің басқарма басшысы Тимур Қастұрғанов