Елге оралған қандастар
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этностық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алыпты. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этностық қазақ оралған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (50,3%) Қытайдан, 33,4%-ы – Өзбекстаннан, 6,4%-ы – Түрікменстаннан, 5,2%-ы – Моңғолиядан, 3,4%-ы – Ресейден және 1,3%-ы басқа елдерден қоныс аударыпты.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этностық қоныс аударушылар саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 31,6%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейіне келсек, 17%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,1%-ы жалпы орта білімді, және 5,3%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этностық қазақтар бір жерге шоғырланбай, республиканың әр аймағына қоныстанған. Сонымен бірге, ведомствоның хабарлауынша, қандастарды қоныстандыру мақсатында еңбек күші тапшы өңірлер анықталған. Мәселен, қандастар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына бара алады.
Қоныстандыру өңірлерінде биылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 453 қандас қоныс аударған екен.
«Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Яғни бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде, тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде субсидия беріледі. Жыл басынан бері 1 246 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 401 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды», делінген министрліктің ақпаратында.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданған. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде бір жолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.
Естеріңізге сала кетсек, былтырдан бастап қанатқақты режімде Қазақстан елшіліктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылып келеді. Қанатқақты жоба аясында елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этностық қазақтардан жаңа форматта 8 326 өтініш қабылданған екен.