Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты

Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты

Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.

Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді.

Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.
06 маусым 2024 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930