Қар жауып, найзағай ойнайды: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
unsplash
Алдағы үш күнде республика бойынша Солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр түрінде жауын-шашын, қар, найзағай, бұршақ және желдің қатты күшеюі болжанған.
Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 25-27 мамырда елдің солтүстігінде, 25-26 мамырда орталығында, Оңтүстік-Шығысында, 26 мамырда шығыс, солтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Өз кезегінде Скандинавия аудандарынан шыққан кең антициклон республиканың батысында ауа райын ашық ұстайды.
Жақындап келе жатқан суық ауа массалары түнгі және таңертеңгі сағаттарда 3 градусқа дейін аязға себеп болады. 25 мамырда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, 26 мамырда орталықта, 27 мамырда шығыста, оңтүстік-шығыста, 26-27 мамырда Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында үсік жүреді.