Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды

«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды«Атырау – Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суын өткізу жалғасып жатыр. Бұндай шешім өр суының мол келуіне әрі су қарқынының жоғарылығына байланысты, Махамбет ауданына қарасты Жайық бойында орналасқан елді мекендерді тасқын қауіпінен сақтау мақсатында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Махамбет және Сарытоғай ауылы тұсына жиналған жайылымдағы өр суы жолдың батыс жақ бетіне жіберілді. Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының арақашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды. «Жағдай тұрақты, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», делінген хабарламада. Орал, Индер, Махамбеттен Атырау бағытында автокөлік жүргізушілері Индер - Атырау жолы арқылы қатынай алады.
Фото: ТЖ жөніндегі жедел штаб
19 мамыр 2024 ж. 297 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 72

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031