Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік, нөсер жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Үсік, нөсер жаңбыр: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін, 17 мамырда Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Республикада синоптиктердің болжауынша, жел күшейеді, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.

Түнде Ақмоланың солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде бір градусқа дейін үсік күтіледі.

Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Қостанай облыстарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстікте, шығыста, Қызылорда қаласының орталығында, батыста, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, шығысында Жетісу облысында әлі де жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Абай облысының Үржар ауданында өте жоғары өрт қаупі бар.
17 мамыр 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30