Негізгі ҰБТ 16 мамырда басталады
Грантқа түсуге мүмкіндік беретін негізгі ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) бірінші мүмкіндігіне өтініштер қабылданып болды. Екінші мүмкіндігіне өтініштер 14 мамырға дейін қабылданады. Талапкерлер арасында «нағыз ҰБТ» аталып кеткен тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Бірақ су тасқынынан төтенше жағдай жарияланған өңірлерде тестілеуге тіркелу уақыты да, ҰБТ өткізу мерзімі де ұзартылды.
Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»
Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, төтенше жағдай жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты 20 мамырға дейін ұзартылды және ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі. Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024 жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және тапсыратын орнын өздері таңдайды. Алайда олар екі мүмкіндік үшін бейінді пәндердің бір ғана комбинациясын таңдайды. Негізгі ҰБТ-ны 2024 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, шетелде 11(12)-сынып білім алушылары, қандастар, жоғары оқу орындарында шартты түрде білім алушылар тапсыра алады.
Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында осыған дейін әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Талдауда әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптар бойынша білімін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындығын жақсарта алады. Одан бөлек, онлайн байқау сынақтары іске қосылған.
Білім беру орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырылған тегін онлайн сабақтар жалғасып жатыр. Ал оқу жылының басында Ұлттық тестілеу орталығының сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.
Тестілеу форматында өзгерістер жоқ. 2024 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарды. Бұл бейінді пәндер бойынша сұрақтар санын 40-қа дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бейінді пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылды. Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы – 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10, «Математикалық сауаттылықтан» 10 және екі бейінді пән бойынша 40 тапсырма беріледі. Жоғары балл – 140, бұл да өзгеріссіз қалды. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут уақыты сақталады.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында тест нұсқалары таңбаланғанын атап өткен жөн. Яғни ҰБТ-ға қатысушылардың әрқайсысының жеке тест нұсқасы болады. Осыған қоса калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен тұздардың ерігіштік кестесін компьютерде қолдануына рұқсат. Талапкерлердің пікірі мен қалауын ескере отырып, оларға кестелердің қағаз нұсқасы да беріледі.
Шекті ұпай да өзгерген жоқ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде – 75, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде – 70, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде – 60 (ұлттық университеттер үшін); ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде – 65, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 ұпай жинау керек.
Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруіне болады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінен көре алады.