Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді

Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай төлемдер берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай біржолғы әлеуметтік көмек төленді
Фото: primeminister.kz

Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді.
«Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді», делінген хабарламада.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыстарда ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді.
«Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірлерде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды», деп жазды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінде республикада 148 соғыс ардагері тұрады. Соғыс қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
05 мамыр 2024 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930