НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ ӨТІП ЖАТЫР
Наурызнаманың бұл күні - «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.
Бұл күнді ұлттық киім күні деп атауы бекер емес. Өйткені, дәл осы күні ұлттық киімдер мен сәнді бұйымдар көрсетілімі халық назарына ұсынылып, барлығы бір күнде ұлттық киім киді.
Шиелі ауданы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейінде «ҰЛТТЫҚ ҚҮНДЫЛЫҚ –ДӘСТҮР ІЗГІЛІГІ» атты мәдени көпшілік шара өтті.
Мазмұнды мерекеде музей қызметкерлері ұлттық киім киіп, қазақы самаурындармен келген қонақтарға шай, ұлттық тағамдар ұсынды. Жастар жағы жарапазан айтты.
Музей директоры Қ.Ыханова құттықтау сөз алып, жиналған көпшілікке іс-шараның маңызы мен негізі жайлы сөз қозғады.
Ардагерлер және әжелер ізгі тілектерін білдіріп, барша жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.