Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

Президент «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

Мемлекет басшысына жаңа технологияларды пайдалана отырып, сүт өңдеумен және сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорынның жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде компания өтімді ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуға күш салып отыр.
Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшылармен әңгімелесіп, қазіргі ауыл шаруашылығы жоғары технологиялық салаға айналуы керек екенін атап өтті. Сондай-ақ компания ұжымына табыс тіледі.
26 ақпан 2024 ж. 307 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31