«Отау» бағдарламасы іске қосылады
Елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады. Бұрын көпшілікке 9-20-25 деген атаумен таныс бағдарлама енді «Отау» атауымен жүзеге асырылмақ. 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады.
Бағдарламаға «Отбасы банк» салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатысады.
Бағдарлама талаптары мынадай:
Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
Заем көлемі қандай және қандай тұрғын үй сатып алуға болады?
«Отау» бағдарламасының негізгі шарттары:
Бағдарламаға «Отбасы банк» салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатысады.
Бағдарлама талаптары мынадай:
- Үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 айлық болуы керек;
- Өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауға тиіс;
- Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде кейінгі 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болған-болмағаны қатаң тексеріледі;
- Алматы және Астана қалаларынан тұрғын үй алатын жағдайда сол қалаларда тұрақты тіркеуі болуы қажет;
- Жобаға 18-63 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады, дегенмен 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі.
Өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін, otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар қалай есептеледі?
- Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін – әрбір 1 000 теңгеге 5 балл;
- Салым мерзімі үшін – салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
- Тіркелген неке үшін – 10 балл;
- Балалардың болуы үшін – санына қарамастан 50 балл.
Заем көлемі қандай және қандай тұрғын үй сатып алуға болады?
- Алматы мен Астанадағы заемның ең жоғары сомасы – 30 млн теңгеге дейін;
- Қалған өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін.
- Тек алғашқы нарықтағы тұрғын үй – Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында (оның ішінде ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша);
- Басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үй.
«Отау» бағдарламасының негізгі шарттары:
- Алғашқы жарна – 20%-дан басталады;
- Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 9% (ЖТСМ 9,2%-дан басталады).
- Несие мерзімі – 19 жылға дейін.