КҮЙ КҮМБІРЛЕГЕН КҮН
Шиелі қашаннан өнер мен мәдениеттің ордасына айналған киелі мекен. Дәстүрлі ән де, жыр-терме де, қала берді эстрадалық бағыттағы туындыларды аудан өнерпаздары өз нақшына келтіріп орындайды. Бір қуантарлығы, дәстүр сабақтастығы жалғасып, үзілмей келеді.
Жуырда Бұдабай Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан өнер мектебінен құралған «Сырлы саз» халық аспаптар ансамблінің есеп беру кеші өтті. Бұл шара Шиелі кенті әкімінің қолдауымен, «Арман» мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде басталды. Айта кетейік, ансамбль аудандық өнер мектебінің директоры Нариман Мизамбаевтың жетекшілігімен 2012 жылы құрылған. Содан бері облыстық, республикалық бірнеше конкурстарға қатысып жүлделі орындардан көрініп, аудандық мәдени шаралардың көпшілігінде өз өнерлерімен бой көрсетуде. Ал 2019 жылдан бастап «Арман» мәдениет үйімен бірлесе жұмыс істеп, өнер саласын жандандыруда. Мәдениет үйі де ансамблдің аудан, облыс, республика көлеміне танылуына зор үлесін қосуда. Іс-шараның шымылдығы Н.Әшімханұлының алғы сөзімен басталды. – Өмір өзен тоқтамайды. Жылдар өте ұжымға жас буын, жаңаша шығармашылық орта толысты. Ансамбльде кіл мықтылар жиналған. Әрқайсысының орны бөлек. Жас ансамбль еңбекқорлық пен шығармашылықтың жаңа бір арнасына айналып жергілікті және әлем сазгерлерінің шығармаларын нотаға түсіріп дәріптеп келеді. Ұстаздық пен қатар сахна саңлағына айналған сырлысаздықтар ел болашағы, білім мен өнер үшін аянбай тер төгіп, ұлтымыздың өнерін жоғарыдан көрсете бермек, – деді.
Аудан абыройын асқақтатқан ансамбль мүшелері әлі де мәдениет саласына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мәселен, Гүлнаш Әбдіразақова, Гүлзира Құрбанғалиева, Дәурен Беркімбаев, Нұртілек Ақтаев, Елдос Сейілов, Бағдат Махмудов, Меруерт Дүйсебаева сынды әншілердің еңбегі орасан. Түрлі мәдени шаралардың көркін қыздырған бұл ұжым бірнеше рет өнер ордасында өзінің тәжірибелілігін көрсете білді. Тіпті үлкен сайыстардан да олжамен оралды. Атап айтар болсақ 2017 жылы облыстық «Наурыз шапағаты» фольклорлық ансамбльдер байқауында II орын, Қазалы ауданында өткен «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты фольклорлық ансамбльдердің облыстық байқауында II орын, «Күй абызы – Әлшекей» атты аймақтық ансамбльдер өнер фестивалінде II орын, 2020 жылы «Құлақтан кіріп бойды алар» атты облыстық ансамбльдерінің онлайн сайысында I орын, «Батыс жауһарлары» атты республикалық жарыста бас жүлдені жеңіп алады. Қызылорда облысының 85 жылдығы, Арал ауданының 95 жылдығы және күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Ғасырлар сазы» атты фольклорлық ансамблдерінің облыстық конкурсында «Сырлы саз» ансамбілі жүлделі III орынға ие болған. 2017 жылы 5 жылдық есеп беру концертін де айтайық. Ол салтанатты шарада Әшімхан Оспанов, Бөрібай Қоңқабаев, Өркен Исмайлов, Әлмырза Ноғайбаев, Құрманбек Бекпейісовтің әндері шарықтады. Сонымен аталған есеп беру концерті сазы сырлы ансамбль үшін қуанышты іс-шара болды. Себебі осы уақыт аралық ішінде қандай нәтижеге жеткені, өздерінің кәсіби тұрғыдан қаншалықты өскенін көрсететті. Қорытынды сөз өнер мектебінің ардагер ұстазы Абай Алтынбековке беріліп, халық қуанышты көңіл-күймен тарқасты.
Айнұр ИБРАШЕВА