Қатты аяз алдағы үш күн бойы сақталады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 17, 18, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Олардың мәліметінше елімізде аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: qazaqstan.tv
Синоптиктердің айтуынша елдегі ауа райына арктикалық антициклон әсер етеді. Аяз сақталады, тек республиканың оңтүстік-шығысында 17 ақпанда атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауады, таулы аймақтарда – қалың қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 30-38, күндіз 20-28. Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 15-25, тауларда 30-35 градус, күндіз 10-25 градус аязға дейін төмендейді.