Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады.


Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен Қытай халқын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.
turkystan.kz
Фото: Ақорда
10 ақпан 2024 ж. 294 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031