ЖАҢҒЫРҒАН САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын арттыру болса, бұл сайлау үдерісі арқылы жүзеге асады. Бүгінде Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің сайлау жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алуда.
Әсіресе, Президент «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында еліміздің сайлау жүйесін жаңа өзгерістер күтіп тұрғанын баса айтты және сол айтылған сөздер бүгінде шындыққа айналды. 2023 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттары сайлауын, алғашқы рет пилоттық режимде аудан әкімі сайлауын, 2021 жылдан бастап бірнеше ауылдық округ әкімдері сайлауын абыроймен өткіздік. Аудан халқы ел болып бірігіп, ұлт болып ұйысып нағыз бірліктің жоғарғы үлгісін көрсетті. Аудан әкімі сайлауында Шиелі ауданы ел бойынша сайлау өткізілген 42 аудан мен 3 қаланың ішінде дауыс беру көрсеткіші бойынша алдыңғы қатардан көрініп, аймақтың абыройын арттырды. Міне осылайша, Мемлекет басшысының принципті ұстанымы мен күш салуының арқасында партияларды нығайтып, азаматтық қоғамды дамытуға қажетті демократиялық талаптар мен адам құқықтары және бостандықтарына қатысты кепілдіктер толығымен беріліп отыр. Тіптен сайлаушылар бұған дейін болып көрмеген «бәріне қарсымын» дауыс беру құқығына қол жеткізді. Демек, осының барлығы, Қазақ елі дамудың жаңа дәуіріне қадам басқандығын және елдің бүкіл саяси жүйесінің түбегейлі өзгере бастағандығын көрсетсе керек. Сонымен қатар ақпан айының бірінші бейсенбісі Дүниежүзілік сайлау күні деп белгілініп, жыл сайын атап өту дәстүрге айналған. Бұл Европалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен басталған. Сайлау тәуелсіз Қазақстан тарихының қалыптасу жүйесі және даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Сайлау жүйесі ежелгі Грекияда халық жиналыстарында дауыс беру арқылы елдің негізгі мәселелерін шешетін болған. Европада ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап дауыс беру қолға алынған. Қазақтарда Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» қағидасын халық талқылауына салып барып қабылдаған екен. 2023 жылы Қазақстанда сайлау жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, конференцияда сала ардагерлерімен үздіктер марапатталды. Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне орай ашық есік күні, Шиелі аграрлық колледж студенттері және кент орталығындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары арасында дөңгелек столдар, кездесулер, ашық сабақтар, сала ардагерлері мен үздіктерін марапаттау шараларын ұйымдастыруда. Үстіміздегі жылы елімізде маңызды науқандарды өткізу жоспары бар. Осы ретте, Сайлауды өткізу мен ұйымдастыру саласындағы әріптестерімді Дүниежүзілік сайлау күні мерекесімен құттықтап, абыройлы қызметпен мемлекет мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
Молдабай ДУЛАТОВ,
аудандық сайлау комиссиясының төрағасы