Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аустралияда «Үлкен дулыға» турнирі басталды

Аустралияда «Үлкен дулыға» турнирі басталды


Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бүгін Аустралияның Мельбурн қаласында жылдың алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Аустралия ашық чемпионаты басталды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаға жеребе жолдас болмай, алғашқы айналымда-ақ қиын қарсылас түсті, деп хабарлады RRaketkasi.

Рыбакина 31 жастағы чехиялық теннисші Каролина Плишковамен ойнайды. Бұл спортшы – әлемдік рейтингте 37-орында тұрғанмен, кезінде бірінші ракетка атанған аса тәжірибелі ойыншы.

Чехия теннис мектебінің мықты екенін бүкіл әлем біледі. Оның үстіне Плишкова да допты Елена Рыбакина сияқты қатты береді. Сондықтан екеуінің 16 қаңтарға белгіленген ойыны көпшіліктің назарын аударары анық.

Кейбір мамандардың болжамына қарағанда, чехиялықпен шайқасқа тың келуі үшін Рыбакина осының алдындағы Аделаида WTA 500 турнирінің ширек финалында ресейлік Екатерина Александровамен кездесуінде барын сала қоймаған. Бұдан бұрын Рыбакина Плишкованың үш рет меселін қайтарғанмен, қайсысының дәл қазіргі сәтте шеберлігі басым екенін алдағы кездесу көрсетеді, –  делінген материалда.

Рыбакина биыл да кемінде финалға дейін жетіп, ұпайдан шашау шығармай, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға бар күшін салатыны сөзсіз.

Есесіне Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцеваның бірінші айналымнан қиналмай өтуіне толық мүмкіндігі бар. Ол 15 қаңтарда негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған, рейтингте 191-сатыдағы ресейлік, 21 жастағы Анастасия Захаровамен ойнайды. Егер сәттілік жолдас болып, Юлия Путинцева жоқ жерден ашуланбай, сабырлы ойнаса, қарсыласын жеңе алады. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Александр Бублик те іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингте 139-сатыдағы үндістандық Сумит Нагалмен 16 қаңтарда кортқа шығады. Нагал рейтингте төмен тұрғанмен, «Үлкен дулыға» жарысында барын салары сөзсіз. Егер бәрі ойдағыдай болса, Бублик үшінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, Испания жұлдызы Карлос Алькараспен жүздесуі мүмкін, – делінген хабарламада.

Бұл турнирде Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина словакиялық Виктория Грунчаковамен, Путинцева колумбиялық Камила Осориомен дуэт болып бақ сынайды. Ал Рыбакина жұптық бәсекеге қатыспайды.

Қазақстанның ерлер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов біраздан бері серіктес болып, бір-біріне үйреніп қалған эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге додаға түседі. Ал Бублик жұптық сында сербиялық Душан Лайовичпен дуэт құрды. Андрей Голубев жарақатына байланысты Аустралия чемпионатынан тыс қалды.
15 қаңтар 2024 ж. 169 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930