Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартатынын айтты

Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартатынын айтты


Фото: Hannes Magerstaedt

Дания патшайымы II Маргрете 14 қаңтарда тақтан бас тартатынын мәлімдеді.

Ол тақты 55 жастағы мұрагер ханзада Фредерикке тапсыратынын айтты.

Мен жақында ота жасаттым. Операция қиын болды. Жасым 83-ке келді. 52 жыл патшайым болдым. Бәріне шүкір, енді тақты мұрагер ханзада Фредерикке тапсырамын, – деді II Маргрете.

Айтуынша, ол былтыр ақпан айында беліне ота жасатқан. Операция сәтті өткенмен, тақтан гөрі денсаулық маңызды дейді өзі.

II Маргарет таққа 1972 жылы әкесі IX Фредерик қайтыс болғаннан кейін отырды. Ол Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің бұрынғы патшайымы II Елизаветаның жақын туысы болып келеді. II Елизавета қайтыс болғаннан кейін II Маргарет Еуропадағы ең ұзақ билік еткен монарх болды.
03 қаңтар 2024 ж. 268 0

Қоғам

ҚАРЫЗҒА БАЙЛАНҒАН ҚОҒАМ

08 желтоқсан 2025 ж.

ЖӨЛЕКТІҢ ЖАҢАРҒАН КЕЛБЕТІ

08 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031