Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада дүкеннен брендтік киімдерді ұрлаған әйел ұсталды

Астанада дүкеннен брендтік киімдерді ұрлаған әйел ұсталды


Фото: Halyq Uni

Астанада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында дүкеннен брендтік киімдерді балалар арбасына салып, ұрлаған әйел ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицияға бір дүкеннің қызметкері белгісіз әйелдің бутиктен киім ұрлап, 70 мың теңгеге жуық шығын келтіргенін айтқан. Нұра ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу кезінде әйелдің Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан сауда-ойын-сауық орталығындағы брендтік бутиктердің бірінен киімдерді балалар арбасымен ұрлап әкеткені белгілі болды. Ол өзіне ұнаған киімдердің магниттерін шешіп, ұрлаған.

Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
25 желтоқсан 2023 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31