Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Биыл облыстық соттың құрылғанына 85 жыл толды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атаулы жылға арналған салтанатты шараға қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтады.

«Баршаңызды облыстық соттың 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құру, қалыптастыру – демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Шын мәнінде, сот жүйесі тиімді болса, қоғамда заң үстемдігі берік орнығады. Реформалар да табысты жүзеге асырылады. Түптеп келгенде, бұл азаматтарымыздың тұрмыс сапасы мен қауіпсіздігіне оң әсер етеді», – деп реформалардың маңызын атап өткен болатын.

Қызылорда облыстық соты да әділдік қағидаларының өміршең болуы жолында нақты істердің нәтижесін көрсетуде. Облыстық сотқа ұзақ жылдар басшылық еткен Сейдағали Елшібаевті, Жұматай Ерімбетовті, тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында төрағалық еткен Бекзатхан Асқаров, Мерғали Ыбыраевты, осы салада еңбек еткен өзге де ағаларымызды құрметпен еске аламыз», - деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында Нұрлыбек Машбекұлы сала қызметкерлеріне Құрмет грамотасы мен Алғыс хат, «Құрметті судья» атағы мен өзге де марапаттар табыстап, ілтипат көрсетті.
Қызылордалық әріптестерін құттықтау үшін өңірге арнайы келген ҚР Судьялар Одағы орталық кеңесінің мүшесі, отставкадағы Жоғарғы Соттың судьясы Владимир Борисов сала үздіктерін «Сот жүйесінің белсенді қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының Алғыс хатымен марапаттады.
Іс-шара мерекелік концертке ұласты.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2023 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930