15 тонна су мұнарасы, 2 ұңғыма қазылды
Мемлекет басшысының биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел экономикасын көтерудің басты тетіктері сараланды.
Соның ішінде ауыз су мәселесін толық шешу – ең бірінші міндет. Президент бұл бағыттағы жобалардың сапалы, жұмыстар тиянақты болуға тиіс екенін айтып өтті. Жол карталары мен жоспарлар нақтыланып, елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту жұмысы жүйелі жүргізілуі керек.

Шиелі ауданында сапалы ауыз сумен 39 елді мекендегі 85 мыңнан аса тұрғынның 98 пайызы қамтамасыз етілген. Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 23 елді мекен, оқшау су көздері арқылы 7, ұңғыма арқылы 5, «Теміржол су – Қызылорда» ЖШС арқылы 4 елді мекен қамтылған.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы аясында Шиелі ауданында Қызылқайың елді мекенінде және Қосүйеңкі елді мекенінде ауыз сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймаларының құрылысы жүріп жатыр. Жоба бойынша 15 тонна су мұнарасы, 2 ұңғыма қазылды. Сонымен қатар 1,845 км ауыз су желісі жүргізілуде. Аталған нысан қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Айнұр ИБРАШЕВА