Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жемесең, түсіңе кіреді»: Қазақстанда ет қымбаттады

«Жемесең, түсіңе кіреді»: Қазақстанда ет қымбаттады


Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда ет бағасы 12% көтерілді. Бұл туралы сарапшылардың баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы айына 0,3% және жылына 11,2% өсті. Energyprom.kz-тің зерттеуіне сай, өңірлік контексте бағаның жылдық динамикадағы өсуін елорда тұрғындары қатты сезінді: плюс 16,3%. Көшбасшы алғашқы үштікке Алматы (плюс 15,5%) және Солтүстік Қазақстан (плюс 15,2%) облыстары да кірді.

Бір қызығы, бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7%.

«Ет түрлері бойынша сиыр еті 11,5%, қой еті 7,1%, шошқа еті 11,9%, жылқы еті 9,1%, қайнатылған шұжық 14,5%, жартылай ысталған шұжық 12,7% қымбаттады», – дейді мамандар.

Сонымен қатар республика бойынша дүкендер мен базарларда сиыр етінің құны орта есеппен келісіне 2,6 мың теңге, қой еті 2,8 мың теңге, шошқа еті 2,2 мың теңге, жылқы еті 3 мың теңге, қайнатылған шұжық 2,8 мың теңге, ысталған шұжық 3,3 мың теңге болды.
11 қыркүйек 2023 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9319)

14 шілде 2025 ж.

№51 (9318)

12 шілде 2025 ж.

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031