Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ірі кәсіпорындар 5 жыл сайын экологиялық аудит жасауы керек – Жолдау

Ірі кәсіпорындар 5 жыл сайын экологиялық аудит жасауы керек – Жолдау



Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы жиілеп кеткеніне тоқталды.

«Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
01 қыркүйек 2023 ж. 98 0

Қоғам

Үлкен жүректі жан
25 қыркүйек 2023 ж. 72

Отбасы – ұлттың тірегі

25 қыркүйек 2023 ж.

90 бос жұмыс орны бар

25 қыркүйек 2023 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9137)

26 қыркүйек 2023 ж.

№75 (9136)

23 қыркүйек 2023 ж.

№74 (9135) 1-2

19 қыркүйек 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам