Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Отбасы – қоғамның алтын діңгегі»: Шиеліде комиссия отырыс өтті

«Отбасы – қоғамның алтын діңгегі»: Шиеліде комиссия отырыс өтті




Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмысында ата-ананың ұрпаққа аманаты, баланың перзенттік парызы, олардың бір-біріне қатысты тәрбие үлгілері бар. Алайда қазір осы құндылықтардың өміршеңдігі жойылып бара жатқандай. Осыны назарға ала отырып, аудан әкімдігінде ­аудан әкімінің орынбасы Болат Ысмағұловтың төрағалығымен отбасылық-демографиялық саясат жөнінде аудандық комиссия отырысы өтті.

Оған кент және ауыл әкімдері, комиссия мүшелері мен сала басшылары, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымдары мен БАҚ мүшелері қатысты.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ашып беріп, отбасылық құндылықтарды насихаттау, елдің келешегі – балалардың аман, салауатты, білімді болып өсуіне кепілдік беру мақсатында түрлі бағыттағы жұмыстары туралы баяндады. Содан соң білім саласы бойынша жастар арасындағы ертежүктілік, суицид мәселелері, ерлердің әйелдерге қатысты күтілетін өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік алшақтық, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары, Керделі ауылдық округіндегі әйелдер кеңесінің атқарылған жұмыстары, әлеуметтік көмек алушылар бойынша атқарылған жұмыстары айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселені алғаш болып баяндаған аудандық білім бөлімінің басшысы Жібек Баймұратова балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид пен ертежүктілік қоғамымыздың ең өзекті әлеуметтік проблемаларының бірі болып отырғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде алдын алу шаралары кешенін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін іздеуді, сондай-ақ уәкілетті органдардың балалар суицидінің алдын алуға, ертежүктілікке тосқауыл қоюға бағытталған іс-қимылдарындағы проблемалық аймақтарды анықтауды және шешуді талап етеді. Көптеген сарапшылардың пікірінше, суицидтің өсуіне психологтардың, тәуекел тобындағы ¬балалармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігі мен дайындық деңгейінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.

Ал екінші мәселе бойынша аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Гүлназира Сүлейменова отбасылық-гендерлік саясат саласындағы ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады.

«2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауданда 78 167 мың адам тұрады. Бұл өткен жылға қарағанда 0,6 процентке төмендеген. Оның ішінде ерлер саны – 0,4 процентке, әйелдер ерлерге қарағанда – 0,8 процентке өскен. Гендерлік бөліністе аудан бойынша ерлерде күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 64,1 жас, ал әйелдерде – 67,1 жас. Өмір сүру ұзақтығындағы айырмашылық – 3,4 жас», – деді Г.Сүлейменова.

Рас, гендерлік тепе-теңдік әлі де болса қоғамда шешімін таппай отырған мәселе. Конституцияда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары және еркіндіктері басты қағидат ретінде көрсетілген. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы еліміздегі гендерлік саясатты жүзеге асырудың маңызды бір қадамы болып саналады.

Тиісінше, комиссия отырысында қатысушылар ана мен бала өлімінің деңгейі, отбасы институтын нығайту, ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерінің теңдігі, әйелдердің көшбасшылығын дамыту және басқа да көптеген өзекті мәселелерді талқыға салды.
Басқосуда үшінші болып Керделі ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы Разия Ысқаққызы сөз кезегін алды. Ол аталған елді мекенде әйелдер кеңесінің атқарған жұмыстарын, отбасы құндылығы турасында біраз ақпарат айтты. Отбасы тәрбиесіне бағытталған шараларды да тілге тиек етті.

Күн тәртібінде тұрған төртінші мәселені яғни, әлеуметтік көмек алушылар бойынша атқарылған жұмыстарды «аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі» КММ басшысы Ағыбай Төлегенов сөз етіп, ¬жиынды қорытындылады.
Комиссия мүшелері әр баяндамашы берген ақпаратты талқылап, көкейдегі ¬сауалдарын жодап, тиісті жұмыс істеуге шақырды.
31 мамыр 2023 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930