Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 172 мың түлек мектеп бітірді

Биыл 172 мың түлек мектеп бітірді



Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы биылғы оқу жылын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін 2022-2023 оқу жылының соңғы күні. Ел бойынша 172 мың түлек 11-сынып бітірді, оның ішінде 6 800 оқушы - «Алтын белгі» үміткерлері.

«9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сынып аралығындағы балалардың 85,3 пайызы, атап атйқанда 2 млн 800 мың бала жазғы демалыс және сауықтыру бағдарламаларымен қамтылады. Оның 500 мыңы - жекелеген санаттағы отбасы балалары», делінген министрлік хабарламасында.

Балалар демалысын ұйымдастыру үшін 218 қала сыртындағы және 10 200 мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы лагерлер жұмыс істейтіні қоса хабарланды. 

«Сондай-ақ «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдауға әзір», деп қосты ведомство өкілдері.
31 мамыр 2023 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930