Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 2035 жылға қарай әлемде бал аралары жойылып кетуі ықтимал

2035 жылға қарай әлемде бал аралары жойылып кетуі ықтимал



20 мамыр – Халықаралық аралар күні. Статистикаға сәйкес, әлемнің барлық аймақтарында бал аралары қырылып жатыр. Аралар жеміс ағаштарының, жидектердің, дәнді дақылдар гүлдерінің негізгі тозаңдандырушысы болғандықтан, олар азайса, адамзат тұтынатын көптеген өнімдер де жойылып кетуі ықтимал, деп хабарлайды ТАСС.

Бұл жәндіктердің қырылуына негізгі себеп – Varroa destructor паразиті, онымен күресу өте қиын. Сондай-ақ араларды фермерлер зиянкестермен күресу үшін қолданатын никотинді инсектицидтер өлтіреді. Бұдан бөлек, бей-берекет құрылыс салдарынан экожүйелер бұзылып жатыр. Бұған жаһандық жылыну да теріс әсер етуде.

Аралардың жылдық қырылуы 20% деңгейінде сақталса, 2035 жылға қарай олар толығымен жойылып кетуі ықтимал. Төмендеудің жыл сайынғы ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Америкада (30-40%), Еуропада (~30%) және Оңтүстік Африкада (~30%) байқалады.
22 мамыр 2023 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930