Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкентте тағы да жер сілкінді

Шымкентте тағы да жер сілкінді

Шымкент

Шымкентте 23 наурызда түнде жергілікті тұрғындар жер сілкінісін тағы да сезді. Құтқарушылардың жедел ақпараты бойынша, 2-3 балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 02.07-де тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы — 6.5. Шымкентте 2-3 балдық  жер сілкінісі тіркелді", — деп хабарлады Шымкент ТЖБ өкілдері.
Жергілікті тұрғындар Шымкенттің орталығында да, қала сыртында да дүмпулерді сезді. Жерасты дүмпулерін көпқабатты үйлердің тұрғындары да сезген.
"Мен бесінші қабатта тұрамын. Сол кезде үй жинап жатқан едім. Басында басым айналып кетті деп ойладым. Содан кейін люстра мен шкафтың қозғалғанын байқадым. Анам жүгіріп келді, қабырғадағы сурет құлап түскенін айтты", — дейді Шымкент тұрғыны Динара Асылханова.


23 наурыз 2023 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031