Жеңіл өнеркәсіпке кедергі неге көп?
Кейінгі жылдары күн тәртібінен түспей тұрса да нәтиже бермей тұрған бір сала болса, ол – жеңіл өнеркәсіп. Жақында осы саладағы түйткілді мәселелер Алматыда өткен отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы конгресінде талқыланды.
Жиһаз және ағаш өңдеу кәсіпорындары қауымдастығының президенті Қанат Ибраев сала үшін нөмірі бірінші проблема – импортқа тәуелділік екенін айтады. Жиһаз өнеркәсібінің негізгі шикізаты – қайта өңделген ағаштан жасалған тақтай материалдары, ламинатталған материалдар, кейбір жағдайда тұтас ағаш. Біздің елде тақта материалының меншікті өндірісі жоқ, сондықтан жиһаз кәсіпорындары негізінен Ресей Федерациясы мен Беларусьтен келген импортты пайдаланады.
2022 жылдың I тоқсанында ғана еліміз 63,5 миллион доллардан астам сомаға құрылыс тақталарын импорттаған. ЕАЭО аясындағы бірлескен экономикалық қызмет бұл тәуекелді теңестіреді деген пікір бар.
«Санкцияларға байланысты Ресей ағаш экспортын шектеді. Бұл Қазақстанның РФ-мен шектесетін аймақтарындағы ағаш өңдеу кәсіпорындарының банкротқа ұшырауына әкеліп соқты. Біз «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асырар кезде «пандемия» сценарийі қайталана ма деп қауіптеніп отырмыз. Бұл мәселені шешуге бизнес тарапынан да, үкімет тарапынан да бірнеше рет талпыныс жасалды. Бізге шикізатты терең өңдеуден бастап, дайын өнім шығаруға дейінгі цикл мен тізбекті құру бағдарламасы әзірленіп, оған үкімет қолдау көрсетуі тиіс», дейді Қ. Ибраев.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Наталья Ақшабаеваның айтуынша, саланың дамуына Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елдерінің жеңіл өнеркәсібі кедергі келтіріп отыр. Бұл елдерде тігін өндірісі саласында озық технологиялардың қарқынды дамуы саланың өркендеуіне жол ашқан. Баяндамашы айтып өткендей, біздің елде шикізат дамымаған. Бұл сегментте де импортқа иек арту басымдау. Соған қарамастан саланың ішінара болса да алға жылжуын жанкештілік деп бағалауға болады. Шикізатты басқа елдерден алуға байланысты қиындықтар бар. Мысалы, семейлік тігіншілер иірілген жіпті Беларусь мемлекетінен сатып алады, ал Беларусь Қазақстанның оңтүстігінен жүн сатып алып, одан иірілген жіп өндіреді. Баяндамашы ЕАЭО және ДСҰ проблемаларына да баса назар аударды. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдарға кірген Қазақстан отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғай алған жоқ.
Махамбет Асабаев – он жылдан бері құрылысқа арналған қолғап шығарумен айналысып жүрген санаулы ғана кәсіпкердің бірі. Ол бізбен әңгімесінде ішкі нарықтағы үлес үшін күрес «тар жол, тайғақ кешумен» бірдей екенін айтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы қыркүйекте 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу туралы тапсырма берген еді. Сарапшы айтып өткендей, көзін тапсақ, осы жоба шеңберінде құрылыс саласындағы отандық өнімдердің үлесін көбейтуге, сонымен бір мезгілде отандық жиһаз индустриясына да серпін беруге болады.
«2025 жылға дейін 3 жылдан аз уақыт қалды. Сол 1000 мектепке қажетті оқушы парталарынан бастап – кабинеттерге дейін отандық жиһазбен жабдықтауды міндеттесек, отандық жиһаз құрастыру саласы дамиды», дейді М.Асабаев.
Сарапшылар тауар құрамындағы шикізаттың 90 пайызы елде шығарылса ғана отандық тауар болып танылады дейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде дайындалған тауарларды қазақстандық өнім деп танудың өзі күрделі үдеріс екенін сарапшылардың бәрі айтады.
«ҚЗЭ бағдарламасының бірнеше кезеңге бөлініп қарастырылғанын, ұзақмерзімді қамтығаны дұрыс. Қаржыландырылған жобалардың оқ бойы озық шыққандары кезең-кезеңімен қаржыландырылса, кәсіпкер бизнес-жоспарын әртараптандырады, тауар шикізатын өзі дайындауға мүмкіндік алады», дейді ол.
«QazTextileIndustry» басшысы Гүлмира Уахитованың айтуынша бәсеке жағдайында тиімді әрекет ету үшін салалық кәсіпорындар бірігуі керек.
«Бүгін біз қол қоятын құжаттар ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Жиынға Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 70 пайызы қатысып отыр. Сол себепті мүддемізді қорғау үшін ортақ ұстанымға келуіміз өте маңызды», деп атап өтті.
Баяндамашы айтып өткендей, коммерциялық сатып алу нарығы әрқашан импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін ашық, ал реттелетін сатып алу нарығы тек отандық өндірушілер үшін ашық. Ерекшелік – реттелетін сатып алуларда отандық компаниялардың кез келген тауар түрін жеткізу мүмкіндігінің жоқтығы. Қазақстанда импорттық өнімнің 99 пайызы коммерциялық нарыққа және реттелетін сатып алу нарығына жеткізіледі.
«Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптегі қазіргі инвестициялық саясаты барлық салаларда импорттық өнімдердің басым болуына мүмкіндік беріп отыр. Отандық өндірушілер үшін реттелетін сатып алулар бойынша келісімшарт алу үшін күрделі жағдайлар жасалды. Бұл өндіріске инвестицияның жетіспеушілігіне, импорттың басым болуына жол ашты. Отандық тауар өндірушілерді қолдайтын мемлекеттік саясат керек. Шенеуніктердің кінәсінен бізде әлі күнге дейін терең өңдеп, дайын өнімді шығарудың бірыңғай жүйесі жоқ. Шетелден арзан жеткізу үшін қазақстандық компанияларды кемсіту бар», деп сөзін түйіндеді Г.Уахитова.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жеңіл өнеркәсіп департаментінің басшысы Айжан Әділова жеңіл өнеркәсіп нарығындағы импорт және экспорт мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, нарықтың қаржы айналымы – 1 трлн теңге.
«2022 жылы өндіріс көлемі 88 млрд теңгеге жетіп, өсім 11,7 пайызға көтерілді. Солай бола тұра импорт экспорттан 26 есе көп. Ішкі нарықтағы отандық үлес – небәрі 10 пайыз. Десе де кейбір өнімдер бойынша өндіріс көлемінде өсу бар. Мысалы, дайын тоқыма бұйымдардың үлесі – 6,5 есе, төсек-орын жабдығының өндірісі – 11 есе, тоқыма матадан жасалатын сырт киімнің өндірісі – 4 есе, тоқыма байпақтардың өндірісі – 6,2 есе, тері өндірісі 2,5 есе өскен», деді шенеунік. Оның сөзінше, саладағы жүйелі проблемаларды шешу үшін екі жол картасы әзірленген.
«Azala» компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Жамалов саланы дамытуға қатысты қолданыстағы барлық бағдарламаларды қайта қарауды ұсынды. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу арқылы өнім сатып алатын ауруханалар мен мектептерге арналған мата сапасына қатысты мемлекеттік стандарттар жоқ. Сондай-ақ біз өндіретін төсек-орын жабдықтарын «Қазақстан теміржолы» сатып алмайды, ал «Ресей теміржолы» сатып алады деді.
«Qazaqstanda Jasalgan» экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек Барысовтың айтуынша, отандық өндірушілерге айтарлықтай көңіл бөлінбейді. Кез келген саладағы өнім өндірушілердің тауқыметі бірдей.
«Барлық қиындықтар бізді қолдауға тиіс тараптан – барлық деңгейдегі билік өкілдерінен туындап отыр. Тәуелсіздік жылдарында бірде-бір министр өзі қабылдаған шешімдер үшін, ойран болған адамдардың өмірі үшін, күйреген өндірістер мен экономиканың салалары үшін жауапкершілік алған жоқ», деді ол.
Сарапшылар осыған дейін дамыған елдерде әскери-өндірістік технологиялар кешені ішкі нарықтан тапсырыстар алу арқылы бизнестің, сол арқылы экономиканың дамуына жол ашатынын жиі айтатын. Біздің елде де сырт көзге солай болып көрінері ақиқат. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан үшін киім-кешек сатып алу «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» заңы аясында жүзеге асырылуда. Бірақ осының өзінде отандық бизнесті шектейтін кедергілер байқалып қалыпты. А.Барысов айтып өткендей, 2020 жылы Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін киім-кешек заттарын жеткізу үшін 28 кәсіпорынмен 9 760 167 210 теңгеге шарт жасалған. Алайда солардың ішінде 6 компания осы сегменттің киім-кешек нарығын монополиялап алғаны белгілі болды. Қысқасы, келісімшарттардың жалпы сомасының 53 пайызы немесе 5,1 млрд теңгесі (9,7 млрд теңге) таңдаулы алтылыққа тиесілі болып шыққан. 21 кәсіпорын қалған 47 пайызға немесе 4 613 654 970 теңгеге ие. Сарапшы айтып өткендей, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы заңнаманың қолданыстағы нормаларында бәсекелестікті шектейтін және адал отандық тауар өндірушілердің қатысуына кедергі келтіретін шектеулер мен кедергілер бар.
«Бір ғана әскери жауынгерлік доңғалақты көліктерді құрастырып, дайындап шығуда тәжірибеміз бар. Тіпті өрт сөндіру машиналары сегментінде де біраз тәжірибе жинақтап қалдық. Зияткерлік меншік құқы да өзімізге тиесілі. Тіпті, әуе кеңістігін қорғайтын жүйелермен өз-өзімізді қамтамасыз етуге де мүмкіндік бар. Бірақ соған қарамастан сала «жоғарыдағылардың ілтипатына» ие бола алмай отыр. Біздің саланың дамуы мемлекет үшін №1 стратегиялық бағыт болуы керек. Осы уақытқа дейін үндемей келдік. Әскери қорғаныс саласы ұлттық экономикамен интеграцияланғаны дұрыс болады. Саладағы әскери формадан бастап аяқкиімге дейін өз елімізде дайындалғаны маңызды. Бұл ШОБ-тың жаңа тынысын ашады», дейді Айбек Барысов.
АЛМАТЫ
«2022 жылы өндіріс көлемі 88 млрд теңгеге жетіп, өсім 11,7 пайызға көтерілді. Солай бола тұра импорт экспорттан 26 есе көп. Ішкі нарықтағы отандық үлес – небәрі 10 пайыз. Десе де кейбір өнімдер бойынша өндіріс көлемінде өсу бар. Мысалы, дайын тоқыма бұйымдардың үлесі – 6,5 есе, төсек-орын жабдығының өндірісі – 11 есе, тоқыма матадан жасалатын сырт киімнің өндірісі – 4 есе, тоқыма байпақтардың өндірісі – 6,2 есе, тері өндірісі 2,5 есе өскен»