Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүлкіңізді жасыруға болмайды

Мүлкіңізді жасыруға болмайды

Елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Биыл мемлекеттік мекеме мен квази мемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары автивтер мен міндеттемелері туралы декларациялаудан өтеді. Жүйені енгізудегі басты мақсат – жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктерін тиімді бақылауға қол жеткізу. Сонымен бірге алдағы наурыз айының 3-нен бастап «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң күшіне еніп, өтінімдер қабылданады.



Бұл мәліметтер БАҚ өкілдеріне арналған брифингте кеңінен айтылды. Оған облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин, «Оңалту және банкроттық» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әліби Жанкелдин, «Өндірістік емес төлемдер» басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева қатысты.
– Мемлекеттік кірістер органдарының мақсаты – салықтар мен міндетті төлемдердің бюджетке мерзімінде және толық түсірілуін қамтамасыз ету, «көлеңкелі» экономиканы болдырмауға қызмет жасау, қоғамдағы салық мәдениетін көтеру. Осы бағытта Салық Кодексінің 71 тарауында «Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау» қарастырылған. Жалпы 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен Қазақстан азаматтары аталған декларацияны тапсыруға міндеттеліп отыр.  Бұл – көлеңкелі экономиканы болдырмау мақсатында жасалып жатқан шара, – деді Қ.Бекшин.
Облыс бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына барлығы 560 759 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 559 488 немесе 99,8% электронды жүйемен көрсетілген, 1 271 немесе 0,2% ғана қағаз түрінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілуі өткен жылмен салыстырғанда 37 243-ке немесе 1,5% өссе, ал қағаз түрінде 7849 азайып отыр. Қағаз бастылықтан арылып, адами факторларды болдырмау үшін электронды көрсететін қызметтер көбеюде. Жалпы 2023 жылғы 1 қаңтардағы ақпарат бойынша мемлекеттік тіркеуде тұрған 12 379 заңды тұлға және  781 244 жеке тұлға , оның ішінде 62 947дара кәсіпкер бар.
Декларация жүйесіндегі өзгерістерге тоқталған Гүлжамал Шортанбаева оны тапсырудың екі түрі барын айтты.
– Біріншісі – 250-нысандағы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет. Бұл бастапқы құжат болып есептеледі және мемлекеттік кіріс органдарының  басты назарында болады. Екіншісі – жеке тұлғалардың табысы және мүлкі туралы декларация деп аталады және ол жыл сайын тапсырылады. Онда бір жыл ішінде алған табысы, мемлекеттік тіркелуге тиісті, сатып алынған және сатқан мүлкі туралы мәлімет көрсетіледі. Алғашқы кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары декларация ұсынды. Ал екінші кезең биылдан басталды. Мұнда мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары қамтылады. Бұл 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар, Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағдайда   шетелдіктер декларация тапсырады, – деді.
Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделуде. Қағаз жүзінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсырған дұрыс. Бұл уақыттан кешіктірген тұлғаларға 15 АЕК айыппұл салынады. Өткен жылдан 524 тұлға әлі декларацияны тапсырмаған. Оларға алдымен ескерту беріледі.
«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойылғаны белгілі. Аталған  заң наурыз айында күшіне енеді. Бүгінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Заңда жалпы банкроттық қабылдауда 3 рәсімнен тұрады. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер жайында Ә. Жангелдин түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, заңның қабылдануына еліміздің әлеуметтік жағдайының нашарлауы, азаматтардың банктер алдындағы берешек сомаларының көбеюі тұрмыстық әл- ауқатының төмендеуіне әсер етіп отыр. Сондықтан бұл шара –азаматтардың борыштық жүктемесін азайту, қарыздар бойынша төлем жасауға ынталандыру,  әлеуметтік шиеленістің алдын алуға бағытталуда. Облыс бойынша несиесін қатарынан 12 ай төлемеген 40 мыңдай адам болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ нақты дерек әлі шықпаған.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА
01 ақпан 2023 ж. 237 0

Қоғам

Мен өмірді қалаймын!
07 қараша 2024 ж. 53

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9252)

05 қараша 2024 ж.

№87 (9251)

02 қараша 2024 ж.

№86 (9250)

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930