Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді

ХҚО-лар қай күндері жұмыс істемейді

Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді.

Бүгінгі таңда елімізде 334 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар, онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.
«Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс», – деді Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейтін болады.

30 қараша 2021 ж. 944 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930