АҚЫЛЫ ЖОЛ: ХАЛЫҚТАН АЛЫНҒАН САЛЫҚ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛСА ИГІ
Күні кеше, яғни 15 қарашадан бастап аудан аумағынан өтетін Шымкент-Қызылорда бағытындағы күре жол ақылы жолдар қатарына енді. Ал, елде тұңғыш ақылы автожол көктем мезгілі аяқталар тұста іске қосылған болатын. Бірнеше жыл бойы ақпарат көздерінен айтылып жүрсе де бұған байланысты қоғамда, әсіресе, жүргізушілер арасында түсініспеушіліктер орын алды. Қандай жаңалық болсын алғашқыда көбіміз күмән-күдікпен қарап, үдеріп тұратынымыз бар. Әуелі игілігінен гөрі кемшіліктерін теріп әлекке түсеміз.
Жалпы ақылы жолдың адамзатқа пайдасы қандай? Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап өткен ұлан-ғайыр жерімізде теңге төлеп жүретініміз қалай? Көптің көкейін күпті еткен осы сауалға жауап іздеп көрелік.

Бүгінде 30-дан астам елде ақылы автомагистраль жолдары енгізілген. Дүниежүзі бойынша шамамен 25 млн км жол болса, оның 150 мың шақырымы ақылы жолдар. Көптеген әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей халықтың әл-ауқатының өсуі автокөлік cанының артуына әкеледі. Біздің елде де солай. Мысалы, өткен жылы Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 млн-нан асқан, ол дегеніміз 100 адамға шаққанда 21 автокөліктен келеді. Сәйкесінше, автокөлік құралдарының санының артуымен бірге, автомобиль жолдарын сапалы жөндеу оны сақтау басты назарда болу керек. Ал, күре жолдарды күтіп-ұстауға жыл сайын қыруар қаражат қажет. Бұл мақсатқа бюджеттен бөлінетін қаржы керекті сомманың жартысына да жетпейді. Ендігі жерде ақылы жол учаскелерінің санын арттыру арқылы олқылықтың орны толтырылмақ. Оның үстіне ақылы жолдардың бойында байланыс жолға қойылып, қонақүй, жанар-жағармай бекеті, асхана сияқты өзге де коммерциялық нысандар болады.
Сапаға ден қойылады
Жоғарыда айтқанымыздай Шымкент-Қызылорда бағытындағы 195 шақырым жол ақылы жүйеге кіріп отыр. Бұл жолдардың тарифін Үкімет осыдан 8 жыл бұрын бекіткен. Жеңіл көліктер үшін әр шақырымға 1 теңгеден, жүк көліктері үшін 25 теңгеге дейін төлейсіз. Айта кетелік, ақылы жол аралығында ешбір шлагбаум болмайды. Автокөліктердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен бақылау аркалары арқылы қадағаланады. Яғни, жүргізушілерге жол бойында тоқтап, ақы төлеудің қажеті жоқ. Көліктің мемлекеттік нөміріне бекітілген арнайы шотты толтырудың 20-дан астам түрінің бірімен төлем жасаса болғаны. Олардың қатарында «QAJ mobile», Kaspi.kz, Kiwi-әмиян, Forte Bank және т.б. мобильді қосымшалар бар. Діттеген жерге жеткен соң әр шақырым үшін төленуі тиіс ақы шоттан автоматты түрде алынады. Ақысы уақытылы төленбесе жолдың ұзақтығына қарай айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Төлем тек онлайн түрде жасалатындықтан, жолға шықпастан бұрын есепшотыңызды толтырып алған абзал. Сондай-ақ жол бойындағы клиенттерге қызмет көрсету орталығындағы терминалдар арқылы есеп айырысуға да болады.

Мемлекет басшысы өткен жылы үкімет пен облыс әкімдеріне 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 процентін жөндеп, ретке келтіруді тапсырды. 2019 жылдан бастап еліміз бойынша жол салуға жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінетініне тоқталған Қ.Тоқаев «Бірақ нәтиже жоқ. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мердігерлер өздерінің кепілді міндеттемелерін қалай орындап жатыр? Жол жасау жұмысына ұзақ жылдар бойы тек белгілі бір мердігерлер ғана қатысатыны қалай?! Бұл сұраққа Үкімет жауап беруі керек» деп салмақты мәселені қозғады. Осылайша, ұзақ жылдардан бері сапасыз жолдардың бетін басып, сіресіп жатқан сеңнің көбесі сөгілді.
Сол-ақ екен, артынша Қызылорда – Жезқазған және Жезқазған – Қарағанды жолдарында да жөндеу жұмыстары басталады деген хабар тарады. Десе де кедір-бұдыр аумақтың теп-тегіс тас жолға айналуы біршама уақытты қажет етеді-мыс. Жылдар бойы шешімін таба алмай келе жатқан ой-шұқырлы бұл күрежолдың қазіргі жағдайы тіпті сын көтермейді. Мысалы, Қызылорда – Жезқазған тасжолы 30 жылдан бері жөндеу көрмеген. Төбеден снаряд жауғандай шұрық тесік. Жол деген аты болмаса көліктің жүріп өтуінің өзі мұң. Күрежолды күтіп ұстауға деп халықтан алынған салық осындай күрмеуі қиын мәселенің шешімін табуға жұмсалса игі.
Гүлхан ЯХИЯ