Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың кредиті мен қарызы кешіріле ме? Берік Уәли жауап берді

Қазақстандықтардың кредиті мен қарызы кешіріле ме? Берік Уәли жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстан азаматтарының кредиттері мен қарыздары кешіріледі деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Қазақстанда қарыздарды есептен шығару туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.
"Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының кредиттері мен қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мен бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеймін", - деді Уали.
Ол 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен кепілдендірілмеген тұтынушылық несиелер бойынша қарызды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілгенін еске салды. Сол кезде Тоқаев бұл акция бір реттік сипатта болғанын және болашақта қайталанбайтынын атап өткен еді.
"Қазақстандықтардан түрлі фейкке сенбеуді және тек ресми хабарламаларға сенуді сұраймыз", - деді Берік Уәли.

kaz.tengrinews.kz

13 мамыр 2021 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930