Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы АҚШ турнирінде алтын медаль иеленді

Қазақстандық спортшы АҚШ турнирінде алтын медаль иеленді

Фристайл-акробатикадан қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Солтүстік Америка кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.Турнир АҚШ-тың Юта штатында өтіп жатыр. Қазақстан командасының өкілі Алдабергенова 85,68 балл жинап, алтын медальді қанжығасына байлады. Екінші орынды АҚШ спортшысы Таиса Таннер иеленді. Үздік үштікті канадалық Жюстин Элли тұйықтады.Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева алтыншы орыннан көрінсе, Аяна Жолдас жетінші болып келді.
Еске салсақ, 7 ақпанда Жанбота Алдабергенова АҚШ-та фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды. Отандасымыз 71,92 балл жинаған.
14 ақпан 2021 ж. 541 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (9364)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031