Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Парадзюдодан қызылордалық спортшылар жүлдегер болды

Парадзюдодан қызылордалық спортшылар жүлдегер болды


Шымкент қаласында парадзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы өтті.

Қазақстанның барлық өңірі қатысқан дүбірлі додада қызылордалық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Жекелей есепте 57 келіде Даяна Федосова мен 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айдана Кенжетай жарыстың жеңімпазы атанды. Қос спортшы да жарыс барысында екі кездесу өткізіп, қарсыластарынан басым түсті. Ал 73 келіде Азамат Тұрымбетов күміс, 78 келіден жоғары салмақта Әсем Аманбек қола жүлде еншіледі.
Енді спортшылар, Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азамат Тұрымбетов пен Даяна Федосова ақпан айының соңында Грузияның Тбилиси қаласында оқу-жаттығу жиыны мен турнирге, сәуірде Анталияда, мамырда Бакуде және маусым айларында Англияда өтетін лицензиялық Гран-При жарыстарына қатысуы жоспарлануда.
Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Руслан Беркімбай және Қайрат Төленов дайындады


12 ақпан 2021 ж. 415 0