СЫРДЫҢ СУЫ ТАСЫСА…
Сыр өңірінде 6 ай қыс болып, үдетіп қар жаумасада, кейде қар мен жаңбыр қатар жауып әбігерге салатыны жасырын емес. Жаңа жыл басталғалы осы үрдіс қайталанып, облыста біршама көлемде қар жауып, көптен бері қар көрмеген халықты қарық қылды. Ал көктем шыға осы қар суы мен жаңбыр қосылып, су тасу қаупі артады. Сырдарияның мінезі бәрімізге таныс. Жыл сайын осылайша бір қорқытып қоятыны бар.
«Суға кеткен тал қармайды» демекші жағалай қонған елдің көктем келсе болды жанын шүберекке түйіп отыратын шағы артта қалды. 2011 жылы «Көксарай» су қоймасы салынып елдің көңілі орнықты. Десе де табиғаттың тосын мінезіне ешкім тосқауыл бола алмайды. Былтыр Сыр жұртшылығына судан қауіп төнбеген еді. Оның басты себебі өзбек ағайындар Өзбекстаннан келетін су деңгейін шектеп, Көксарай мен Шардарада су қалыпты деңгейде сақталды. Артынша сапасыз салынған Сардобаданың жарылу себебінен Түркістандағы көптеген елді мекендерді су басып, өзбек ағайындардың су қоймасының сапасына күдікпен қарап қалғанымыз бар. Не болса да көршілес елдің қателігінен сабақ алып, оны қайталамауға бекіндік. Осы мақсатта 2020 жылы облыс бюджетінен бөлінген қаржы есебінен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аумақтарында қауіпті деген қорғаныс бөгетінің 26 учаскесіне жөндеу жұмыстары жасалған. Соңғы 4 жылда бұдан бөлек 104 қауіпті бөгет жөндеуден өткен. Дегенмен бөгет салып, тек соған сеніп отыра беру аздық етеді. Көктем айлары жақындағаннан бастап қауіпті бекеттерді күнделікті бақылап отыру керек. Осы мақсатта ауданымызда 5 жерден бекеттер орнатылып, күні-түні бақылауға алынып отыр. Атап айтқанда Шиелі – Қарғалы трассасы, 30 шақырым электр желілері, 15 шақырым байланыс желілері, Бәйгеқұм – Жөлек автомобиль жолдарының 12 шақырым аумағын су басу қауіпі бар. Сонымен қатар қауіпті аймаққа енген елді мекендерде 5000 дана қап, 20 тонна қой тас, 2000 дана қамыс баулары жиналған. Бұдан бөлек аудандық азаматтық және төтенше жағдайлар қызметінің 55 техникасы мен 194 адам тілсіз жаудың тосын мінезіне төтеп беруге сақадай сай отыр.Сырдарияның жайына келсек, биыл ауданнан өтетін 260 шақырым аумақта толықтай мұз қатқан. Қатқан мұздың қалыңдығы 30 сантиметрге жетеді. Мамандардың сөзінше су деңгейі толықтай бақылауда, әрі қорқуға еш себеп жоқ.

Ал енді «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген мақалға сүйеніп, су басқан жағдайда қолымыздан не келетіндігін қарастырып көрейік. Жалпы аудан бойынша су басуы мүмкін аймаққа 13 елді мекен мен Шиелі кенті темір жолдың оң жақ беті кіреді екен. Бұдан бөлек ауданда мұз кептеліп жиналатын 6 учаске анықталған. Олар Тассуат, Қызылбайыр, Аққала, Орыстүбек, Ақтам – Мешеулі, Жөлек пен 2 ферма ауылы тұсы.Су тасқыны болған жағдайда халықты эвакуациялау үшін 16 жинақтау, 22 қабылдау пункттері ұйымдастырылған. Жергілікті бюджет қорынан төтенше жағдайға 2 млн 500 мың теңге, шұғыл шығындарға арнап 7 млн 500 мың теңге қаржы қарастырылған. Бұл қаражатқа зардап шеккен азаматтарды алғашқы уақыттарда азық-түлікпен, керек-жарақпен қамтуға болады. Қауіп төнгенде азаматтарға жедел хабарлау үшін дабыл құрылғысы керектігі белгілі. Бұл мақсатта сапаржайдың дауыс зорайтқышы мен 3 электр дабылы орнатылған. Қолымызда бар деректерге сенсек су тасыған күннің өзінде азаматтарды қауіптен аман алып қалуға мүмкіндік бар. Дегенмен оған жеткізбей, табиғаттың кез келген тосын сыйына дайын болған жөн шығар.
Рамазан Әнәпия