Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Имамдар жылды қорытындылады

Имамдар жылды қорытындылады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінде аудан және ауыл имамдарының алқалы жиыны өтті. «Адамға алғыс айта алмаған адамның Аллаға шүкірі болмайды» дегендей мешіттерді көркейту және дінді насихаттау жолында аянбай қызмет етіп келген имамдар аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы мен аудан имамының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Өз еңбектерін адал атқарып, пандемия кезінде халықтың бел ортасында кызмет еткен, мешітке келуші барлық жамағатқа қолайлы жағдай жасауға тырысып, қолынан келгенше біліктілігі мен білімін ұштастырып, қызмет етіп жүрген имамдарға алғыс айтылды. Сөз соңында аудан имамы Бақыт Ұлжаев келер жылғы атқарылатын жұмыстарды пысықтай отырып, аудан және ауыл имамдарын ынтымақтастықпен бірге қызмет етуге шақырды.

«Өскен өңір» ақпарат
30 желтоқсан 2020 ж. 500 0