Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сайлауалды штабының мүшесі Әлиев Жақсылық Әліұлы және Шиелі аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Әмір Нұрлан Әмірұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында еңбек ардагерлері Райкүл Бодықова мен Бейсембаев Қайырбектің үйлеріне барды.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н. Әмір «Өзгерістер жолы» сайлауалды бағдарламасының бірнеше басымдықтарымен таныстырды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласының жұмысын реттеп, медицина сапасын арттыруы, кадр тапшылығын жоюы, аймақтарда диагностика мен емдеуді қолжетімді етуі, медициналық сақтандыру қорының ашықтығын қамтамасыз ету жолдарын атап өтті. Сондай-ақ білім саласындағы экспирименттерді тоқтатып, білімге деген құштарлықты арттырып, жастардың дамуына жағдай жасалатындығын айтты.
Өз кезегінде тұрғындар сайлауға қатысып, партияға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.