ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ – АУДАН ӘЛЕУЕТІНІҢ АЙҒАҒЫ
Әлемде пандемия жарияланып, карантин енген сәтте жұмысынан айырылып, екі қолға бір күрек таппай сенделгендер қатары күрт өскені белгілі. Өзге елдермен қатар бізде де біраз кәсіпкерлік нысандардың жұмысы тұралап, қызметінен айырылғандар саны артты. Нәтижесінде ел экономикасына салмақ түсті.
Атап айтқанда, наурыз айының соңында елде жұмыссыздық деңгейі 4,8% немесе 442 мың адамды құраған. Сәуір айында жұмыссыздардың саны 4 млн 208 мыңға жетті. Мамыр айында карантинді біртіндеп жеңілдетудің арқасында жұмыссыздар саны 1 млн 146 мың адамға дейін төмендесе, келесі айларда бұрынғыға қарағанда жағдай қалыпқа келе бастады.
Атап айтқанда, наурыз айының соңында елде жұмыссыздық деңгейі 4,8% немесе 442 мың адамды құраған. Сәуір айында жұмыссыздардың саны 4 млн 208 мыңға жетті. Мамыр айында карантинді біртіндеп жеңілдетудің арқасында жұмыссыздар саны 1 млн 146 мың адамға дейін төмендесе, келесі айларда бұрынғыға қарағанда жағдай қалыпқа келе бастады.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, ауданда жұмысқа жарамды 38 мың тұрғын бар. Оның ішінде 36150 адам тұрақты жұмысы бар азаматтар. Нақтырақ айтсақ, 20 мыңға жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар, ал қалғаны жалдамалы қызметкерлер. Жалпы аудандағы жұмыссыздық деңгейі дәл қазір 4,9 процентке жетіп отыр. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 3200-ден аса адам жұмыс іздеп барған. Орталық мамандары бүгінге дейін оның 1176-сы бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғанын айтады.
Елімізде дағдарысқа қарсы «Жұмыспен қамту жол картасы» бекітілген. Сол бағдарламаға сәйкес жұмыссыз жүрген адамдарды ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда салалары бойынша бос жұмыс орындарын ашып, жұмыспен қамту көзделген. Биыл бағдарламаға сәйкес 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына 500-ге жуық тұрғын, құрылысқа – 331, көлік және қозғалыс саласына – 17, көтерме және бөлшек саудаға – 162, 11 адам білім беру, сервистік, техникалық, құқықтық қызмет көрсету мен тігін саласына 703 азамат жұмысқа орналасып, 432 уақытша жұмыс орындары ашылды.
Тек бұл ғана емес, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша да жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Мәселен бағдарламаның бірінші бағытында көрсетілген техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі 75 адам кәсіптік оқумен қамтылса, екінші бағыт аясында 600-ден аса азаматқа қайтарымсыз қаржы берілген.
Н.Назарбаев халыққа Жолдауларының бірінде «Біздің басты мақсатымыз – əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың бай-қуаттылығы. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Нағыз пəрменді əлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты» деген болатын. Бүгінгі əлемдегі экономикалық жəне шаруашылық қатынастардың күннен күнге дамуы барысында жұмыссыздық мəселесі назардан тыс қалған емес. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер əсері орасан.
Иә, қазір жұмыс жоқ деп қарап жататын заман емес. Әркім қолынан келгенін кәсіп қылып, көштен қалмауы керек. Бүгінде көпшілік жалдамалы жұмыс жасағысы келмейді. Сондайда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі қолдауларды оңтайлы пайдаланып, өзін ғана емес өзгелерді де жұмыспен қамтуға мол мүмкін бар екенін естен шығармаған абзал.
Гүлхан ЯХИЯ