Коронавирусқа қарсы амал: біреуге тегін, біреуге ақылы тест
Соңғы кезде коронавирус және пневмониямен ауыратын науқастардың саны артқандықтан, тест тапсыруға ниетті адамдар да көбейген. Осы орайда тұрғындар коронавирусты анықтайтын тестті қалай, қайда тапсырады? Бағасы қанша? Кімдерге тегін тапсыруға мүмкіндік бар? Зерттеп көрдік.
Тест тапсыруға ниетті адамдардың саны артқанына қарап тұрғындардың өз денсаулығы үшін алаңдайтынына қуанасың. Дегенмен дәл қазір COVID-ке қарсы сынаманы тапсыру оңайға соқпай тұр.
Тест тапсыруға ниетті адамдардың саны артқанына қарап тұрғындардың өз денсаулығы үшін алаңдайтынына қуанасың. Дегенмен дәл қазір COVID-ке қарсы сынаманы тапсыру оңайға соқпай тұр.
Коронавирусқа шалдыққаныңды анықтайтын тест сынамасын ақылы және ақысыз тапсыруға болатындығы белгілі. Алайда оны ақылы тапсырғысы келетіндер облыс орталығына баруға мәжбүр. Себебі аудандағы ОЛИМП, INVIVO секілді бірде-бір орталық бұл қызметті көрсетпейді. Аудандық ауруханада да тегін сынамаға лимит шектеулі. Ұлттық сараптама орталығы күніне 15-20 ПТР тест алуға мүмкіндік берген.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясына диагностика екі тәсілмен, яғни эспресс-тест және ПТР тексеру арқылы жүргізіледі. Экспресс-тест қан тапсыру арқылы алынса, ПТР диагностика жұтқыншақ пен мұрын қуысына биологиялық талдау жасалады.
Қызылорда қаласындағы арнайы жеке медициналық орталықтарда сынаманың кез келгенін өз қалауыңызша ақылы тапсыруға мүмкіндік бар. Қан тапсырып, нәтижесі екі күннің ішінде қолыңызға тиетін тест бағасы – 6 мың теңгеге жуықтайды. Ал мұрын қуысы арқылы анықтау керек болса, шамамен 16000 теңге қажет болады. Оның нәтижесі үш жұмыс күнінде анықталады. Мәселен, «ОЛИМП» орталығында бұл қызметтің бағасы – 15 400 теңге. «INVIVO» зертханасында –18500 теңгені құрайды екен. Тест тапсырар алдында мына ережелерді ұстану қажет. Біріншісі, өзіңізге тыныс алу маскасы мен жеке куәлігіңіз болуы тиіс. Кезек күту кезінде адамдармен 1,5-2 метр арақашықтықты ұстану міндет. Ең маңыздысы, тест тапсырмас бұрын 3 сағат ішінде тамақ және сусын ішпеу керек және тісіңізді жуып, ауыз шаю қажет.
Тестті кімдер тегін тапсыра алады?
Коронавирусты жұқтырғандығына күмәнданып, ауру белгілері байқалған жағдайда 10 санат бойынша тестілеу ақысын әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. Олардың қатарына инфекциялық стационарға жатқызылған пациенттер, COVID-ке шалдығуы мүмкін деген провизорлық стационарда ем қабылдап жатқан науқастар, үйде оқшауланып, карантинде жатқандар, пневмония белгісі бар амбулаторлық деңгейдегі және симптомсыз COVID-19 дертімен дәрігер бақылауында жатқандар кіреді.

Ал МӘМС аясында ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылғандар мен 37 апталық жүкті мерзіміндегі әйелдер, босанған жас аналар мен гемодиализде жатқан пациенттер мен жаңа туған нәрестелерге хаттамаға сәйкес тест сынамалары жүргізіледі. Осы орайда айта кетейік, коронавирусқа анализ тапсырып үлгермеген жүкті әйелдер босанып қалған жағдайда тест қорытындысы шыққанша сәбиін жанына бермейді екен деген қауесет бар. Мұны аудандық аурухана эпидемиологынан сұрағанымызда, жоққа шығарды. Яғни ай-күні жетіп отырған аналардың уайымдаудың қажеті жоқ. Әрине, нәрестесі мен өзінің амандығы үшін бойында індеттің жоқ екеніне көз жеткізу маңызды. Бірақ сынаманы тапсырып үлгермей қалса, дәрігерлер сәбиді анасынан ажыратпайды.
КВИ-ға байланысты қандай да бір ақпарат пен мәселе туындаса 1416 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Қазір ең маңыздысы вирусты жұқтырмау керек. Ол үшін сақтық шараларын күшейту маңызды.
Гүлхан ЯХИЯ