Дәрілерге сұраныс артып тұр
Соңғы аптада тұрғындар арасында жедел респираторлы инфекция көбейді. Дене қызуы көтеріліп, салқын тигізгендер жедел-жәрдем қызметіне жүгінуде. Ал ақ халаттылар болса оларға үйден ем алған дұрыс дейді. Бірақ тұрғындар ем-домға қажетті дәрілерді дәріханадан таппай сандалып жүр. Сенсеңіз, дәріханаларда қарапайым парацетамолдың өзі қат. Оған аудан, облыс көлеміндегі нысандар дәлел.
Әлемді жаулаған індеттен шошынған жұрт жаппай дене қызуын түсіретін дәрі мен оны өлшейтін құралдарды талап алып қойған. Бұлай әрекет жасауына естіген алып-қашпа әңгімелер себеп болуы мүмкін. Мәселен, ел тұрғындары арасында ас содасымен тамағын буласа, зімбір ішсе, коронавирус жабыспайды деген қауесеттер желдей есіп жүр. Ал мамандар болса, мұны жоққа шығаруда. Иә, «Сақтансаң сақтаймын» деген. Алайда, әр айтылған дүниеге сене берудің қажеті шамалы.

Бүгінгі күні облыста фармацевтикалық қызметпен айналысатын 328 дәріхана бар. Бірақ бұл нысандар соңғы күндері тұрғындар сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Облыс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғалия Байменова соңғы уақытта халық тарапынан ыстықты түсіретін, вирусқа қарсы антибактериалды препараттарға сұраныс күрт артқандығын айтады. Сондай-ақ облыстық дәріханада бұрын 1 айлық қор болып есептелетін 2000 конвалюта аспирин дәрісін сатып алу фактісі тіркелген.
– Облыстық дәріханаларда антибактериалдық 1 граммдық цефазолиннің– 67 504, цефтриаксондәрілік затының – 37 536 құтысы, ыстықты түсіретін парацетамолдың – 23 344, аспириннің – 49 276, витамин С инециялық препаратының – 15 532 қорабы бар екендігі анықталды. Алайда, бұл дәрілік заттар барлық дәріханаларда бірдей бар екендігін білдірмейді. Сол себепті нақты белгілі бір дәрілік затты дәріханадан таппаған жағдайда департаменттің 23-82-92 нөміріне хабарласуға болады, – дейді сала басшысы.
Айта кеткен жөн, қазіргі ахуалға байланысы сұранысы артқан дәрілерге тапсырыс берілген. Ендігі жерде оны тек күту керек. Әзірге Ғ.Байменованың айтуынша, дәріханалардан қажетті дәрілердің орнына 10-нан аса баламасын алуға болады екен. Мысалы, «Азитромицин таблеткалар 500 мг» дәрілік заты бар әртүрлі сауда атауларымен сатылады. Атап айтқанда, «Азибиот», «Азитро», «Азитромицин-сандоз», «Зинфект», «Зиромин», «Сумамед», «Зитрокс». Сол секілді «Парацетамол 500 мг таблеткалар» дәрілік заты «Эффералган», «Панадол» сауда атауларымен сатылады.
Дейтұрғанмен «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» жөн болар!
Сұлушаш МАДИЯРОВА