Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары Ресейден табылды

Сарайшықтың 1741 жылғы жоспары Ресейден табылды

Атырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық қалашығының 1741 жылғы жоспары Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Бұл туралы Атырау облыстық «Тарихи және мәдени мұраны зерттеу» орталығының жетекшісі Мұқамбетқали Кипиев хабарлады.
Оның айтуынша, құнды құжаттың масштабы – 50, бетіндегі мәтіндер ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында қолданған шапшаң жазу үлгісімен берілген.
«Жоспар Сарайшық қалашығының жанынан бекініс салу үшін жасалған. Өйткені, Орынбор комиссиясын басқарған В.Татищев Жайық (Орал) қалашығынан төмен аумақты қорғау мақсатында қамалдар мен бекіністер салуды жоспарлаған. Оған әскери полк және дворяндарды тарту жобасы 1739 жылы мақұлданған. Дәл осы жоба аясында бұл жоспар жасалған болуы мүмкін», – дейді Мұқамбетқали Кипиев.
14 наурыз 2020 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031