Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рим папасы қазақ халқына көңіл айтты

Рим папасы қазақ халқына көңіл айтты

Ұшақ апаты. Рим Папасы қазақ халқына көңіл айттыРим Папасы Франциск Қазақстанда жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған. Бұл туралы baq.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
Жақында Алматыда болған ұшақ апаты туралы білгеннен кейін, Аса Қасиетті Папа Франциск осы қайғылы жағдайдың салдарынан зардап шеккендердің барлығына көңіл айтады. Ол қаза болғандардың рухтарының мәңгілік тыныштық табуы және зардап шеккендердің жазылып кетуі үшін дұға етеді. Аса Қасиетті Папа Құдіреті күшті Құдайдан барлық адамдар үшін, әсіресе құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдарға күш-қуат беруді және бейбітшілік сыйлауды сұрайды - делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Қазақстан президентіне және Қазақстан халқына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Украина Президенті Владимир Зеленский, Грузия Президенті Саломе Зурабишвили, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер, Польша Республикасының Президенті Анджей Дуда, Сербия Президенті Александр Вучич және Словакия Президенті Зузана Чапутова жолдаған.
Бұған дейін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Пәкістан мен Әзербайжан елдерінің басшылары қайғыға ортақтасып көңіл айтқан болатын. Өз кезегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғымен ортақтасқан мемлекет басшыларына алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды. Бүгін Fokker компаниясы Bek Air ұшағының құлау себептерін анықтау мақсатында Алматыға мамандарды жіберетіні айтылды. Және ҚР ІІМ арнайы тексеру жүргізіп жатқандығын хабарлады. Үкімет басшысы Асқар Мамин де ұшақ апатының себебін 10 қаңтарды жариялауды тапсырған болатын.

28 желтоқсан 2019 ж. 492 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930