Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде аурухана ашылды

Шиеліде аурухана ашылды



Кеше Тәуелсіздік күні қарсаңында Шиелі ауданында облыс әкімі Қ.Ысқақов пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен 150 орындық аурухананың ашылу салтанаты өтті.

Құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталған аудандық аурухананың жобалық құны 5 млрд 5 млн теңгені құрайды. Жаңа медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады. Ауруханада қолданыста бұрын да болған, бірақ, қызметі бірнеше есе жетілдірілген лапроскопиялық ота жасайтын видеостойка, жаңа туған нәрестеден бастап ересектерге дейін қолдануға болатын жасанды желдендіру аппараттары, шала туған нәрестелерді бірқалыпты жылуда ұстап тұратын кювездер, ауыр ждағдайдағы науқастардың жатуына ыңғайлы автоматты түрде көтеріліп-түсетін функционалды кереуеттерден бөлек, жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған.

Аймақ басшысы ау
дан халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап өту керек, Сыр өңірі әлеуметтік салаға қаржы бөлуден аймақтар арасында көш бастап тұр.

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданаралық аурухананың жаңа ғимаратына құны 2 млрд 226 млн. теңге болатын құрал-жабдықтар беріліп отыр.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 419 0