Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылмақ

Қазақстанда 5 жоғары оқу орны лицензиясынан айырылмақ

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы бүгін, 11 жетоқсанда өткен баспасөз жиынында министр Асхат Аймағанбетов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, университеттердің лицензиясын уақытша тоқтату президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүргізілген. - Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе, біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады", - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін президент Тоқаев "Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс" деген еді.

qamshy.kz
11 желтоқсан 2019 ж. 794 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930