Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары АҚШ әуежайын басып қалды (видео)

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары АҚШ әуежайын басып қалды (видео)

Димаш Құдайбергенді Нью-Йорк қаласындағы Джон Кеннеди әуежайында тыңдармандары құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Танымал әншіні қарсы алуға келген жұрттың көптігі соншалықты олар әуежайды басып қалды. Димашпен кездесуге тыңдармандар АҚШ-тан ғана емес, сонымен қатар Австралиядан, Жапониядан, Мескикадан, Ресейден, Чилиден, Болгариядан, Филиппиннен, Испаниядан, Канададан және Қазақстаннан келіпті.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Arnau tour ENVOY шоуының қарсаңында Нью-Йорктегі Barclays Center алаңында 10 желтоқсан күні өнер көрсететін болады. 7 мың көрерменді сыйдыратын концерт өтетін алаңның бір билеті қалмай түгел сатылған. Билетін 75 пайызын американдықтар иеленген көрінеді.

Атап айтарлық жайт, бұл концертті мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған. Сол себепті әнші өнер көрсететін концерт тыңдармандардың көңілдерінен шығатыны сөзсіз.
09 желтоқсан 2019 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

№31 (9398).

28 сәуір 2026 ж.

№30 (9397).

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031