Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев киік қырғандарға қатысты: Қаскөйлер қатаң жазалануы тиіс

Тоқаев киік қырғандарға қатысты: Қаскөйлер қатаң жазалануы тиіс

BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға заңсыз түрде киік мүйізін асырмақ болған браконьерлерге қатаң жаза қолдану керектігін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды.

"Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деді ол өз жазбасынды.

Сонымен қатар президент мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды да қатайту керектігін айтты.

"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет" - деп жазды Мемлекет басшысы өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қытайға киік мүйізін контрабандалық жолмен сатпақ болғандар ұсталған болатын.
28 қазан 2019 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031