Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Джеки Чан #Abai175 челленджін жалғастырды

Джеки Чан #Abai175 челленджін жалғастырды

BAQ.KZ. Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған #Abai175 флешмобына қатысып, өз үлесін қосты.

"Мен Қазақстан президенті бастаған поэтикалық челленджді досым Ерлан Қариннен қабылдаймын", - деді Джеки Чан.

Актер Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін өлең түрінде оқып берді.

Аталған челленджге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын, ал Димаш өз кезегінде ресейлік продюсер Игорь Крутойды және миллиондаған тыңдармандарын эстафетаға қатысуға шақырды. Бұл эстафетаға қатысқандардың арасында ҚР БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да бар.

Сондай-ақ, "Такси" фильмінде ойнаған фрнацуз актері Сами Насери Абайдың өлеңін оқып, #Абай175жыл эстафетасын қолдады.

Айта кетейік, 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады.

23 қыркүйек 2019 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930