Аңызы бірдей әулиелер
Ол қандай әулиелер?
Қазақ сахарасында Ислам дінін уағыздап, қала берді, ержүректігі және ерекше қасиетімен аңызға айналған тұлғаларды «Пір» санайтын ұрпақ өкілдері үшін әулиелердің ашылмаған құпиялары көп. Соның бірі – аңыздарда кездесетін өмір тарихы бірдей тұлғалар. Әфсаналық оқиға желісі біреу, бірақ, кейіпкерлердің өмір сүрген ортасы әркелкі келеді. Тіпті, аңыз адамдарының ғұмыр кешкен заманы да белгісіздеу тұстары бар. Мысалы, «жау қолынан қаза болу», «шабылған басын етегіне сала жүгіру» сынды оқиғалар желісін оңтүстік өңірдегі Үкаша ата мен Маңғыстаудағы Масат ата, Үстірт пен Жылой, Сағыздағы Бала әулиелер.
Осы ретте, жоғарыда көрсетілген аңызы ұқсас әулиелер бір адамның мифтік тұрғыдағы бірнеше образы емес пе деген сұрақ туындайды. Әлде, Қазақстан мен ортаазиялық суфилерге арналған ортақ ғұмырлық сюжет пе?
Әулие деген кім?
Ел арасында «Әулие» деген әруақты атақпен аңыз боп жүрген тұлғалар мыңдап саналады. Бір ғана қасиетті Маңғыстаудың өзінде кемінде 360 немесе 362 әулие бар деп топшыланады. Тарихшылар мен өлкетанушылар арасындағы үлкен сұраққа айналған осы аңыздар олардың ұзақ жылғы зерттеу еңбектеріне айналды. Сонымен «Әулие адамдар» кімдер? Алдымен, осыған түсінік беріп өтелік.
Әулиелер – Жаратқаннан ерекше қасиетке ие болған, қарапайым адамның қолынан келмейтін діни хикметтерді жасай алатын жандар. Әуелі мұндай игілікті істерді Жаратушы Пайғамбарларына берген, мәселен, Нұх Пайғамбардың кемесі топан судан аман қалып, он сегіз мың ғалам тіршілік нұрын көрді. Мұхаммед Пайғамбар Айды екіге бөліп, миғраж түні көк жүзіне көтерілді және тағы да басқа аңызи түсініктер.
Ал, әулиелер қандай қасиеттерге ие болды? Қандай ізгі амалдар жасай алды? Олар дін Исламды діңгегіне санап, Пайғамбарлардың жасаған хикметтерін қайталады. «Мәдинада Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстаудағы Пір Бекет» деген ұранға айналған жандармен қатар, Баба Түкті Шашты Әзіз, Қарабура сынды көптеген есімі ерек әулиелердің өз замандастарынан дараланған қасиеттерінің ең асқағы - бір мезетте екі бөлек мекенде (өз тұрған жері мен Меккеде) намаз оқуы, қиын қыстау күндері жұртына пана болуы еді.
Яки, әулиелер – Құдайдың назары түскен тұлғалар. Олар адам баласын рухани тазалыққа, көрегенділікке, мейірімділікке үндеп, жамандық атаулыдан жат болуға уағыздай білген.
Қазіргі қоғамда екіұдай пікір қалыптастыру жүрген ата-баба рухына сыйыну, тәу ету туралы түсінік әулие кісілердің аңыздарымен ұштасып жатыр. Қасиеттілігімен заманында белгілі болған тұлғаларға бүгінгі ұрпақтың асқан құрметтілікпен қарауы деуге әбден болады.
Аңызы бірдей, адамы әртүрлі
Әулие адамдар деген ұғымға қысқаша түсінік беріп өттік. Енді, тақырыбымыздың негізгі өзегіне көшелік. Эфсаналық образдары ұқсас тұлғалар кімдер? Жеке-жеке тоқталайық.
Масат ата – жергілікті халықтың шежіресіне енбеген, яки, Маңғыстау жерін қоныс қылған Адай халқы мен түркімен халқынан бұрын өмір сүрген әруақты кісі. Өмір сүрген уақыты нақтыланбайды. Түркіменнің кейбір аңыздарында оның Отаны ретінде – Иран бетін көрсетеді. Бірақ, тарихи тұлға санатына енгізе алмау себебіміз, жерленген моласы жоқ, тек тұрпаты ғана орналасқан. Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылының аумағында Масат ата қорымы бар. Пантеонда бес жүз жиырма беске жуық мәдени-тарихи ескерткіштер кездеседі.
Масат ата – аса діндар, кеудесіне қанжар сұғылмайтын айырықша қасиетке ие болған деседі. Жан жақтан көз алартқан дұшпандар оның бұл қасиетінің сырын ашуға құмар болып, Масаттың әйеліне әуейі етіп жас жігітті жібереді. Қасиетті кісінің денесіне қалай қару өтпейтінін білетін тек қана – оның Құдай қосқан қосағы екенін дөп басқан олар, Масаттың әйелінің басын айналдырып таң намазы кезінде оның денесінің жас баланың еңбегіндей балқитын құпиясын анықтайды. Арам ойларын жүзеге асырған дұшпандары таң намазы тұсында аңдып келіп, Масаттың басын аларда, қасиет иесі мұны біле тұрса да, намазын бұзбайды. Осылайша, дұшпандар көздегеніне жетіп, оның басын шабады.
Шабылған бас жаюлы жайнамазға түсіп, Масат түйілген басын ұстап құбыла бетке жүгіреді. Осы кезде, босағада көгендеулі сауынды биесі де ере жөнелген. Оның құбылаға баса жүгірген қадамдары мен тамған қаны, сауынды биенің іздері көк тасқа ойылып, әлі күнге сақталып қалған. Аңыз бойынша Масат ата таң намазын оқыған сәтте жер-дүние дел-сал күй кешіп, ат тұяғын қажайын тасқа дейін балшықтай балқитын көрінеді. Бұл, уақиғаны нанымдырақ етіп тұрған да – сол кездегі жұмсақ жерге түскен таңбалар.
Осы аңыздан соң, ел арасында Масат ата басына тәу етіп, түнеуге келетіндер сапында әйел адамдар болмайды. Себебі, әйел адамды жылан шағып алады деген қорқыныш, бәлки, сенімнің күші жоғары.
Үкаша ата – жоғарыда айтылған Масат аңызына өте ұқсас өлім сипатымен айтылатын әулие. Үкаша ата шамамаен 6-7 ғасырларда өмірген, Мұхаммед пайғамбардың сахабаларының бірі, әрі қорғаушысы болған деседі. Қорымы Түркістан облысындағы Қаратаудың күнгей сілемі, Түркістаннан 42 шақырым жерде. Аңыз бойынша, Үкаша ата ең соңғы пайғамбардың жауырын тұсындағы мөрін сүйгеннен кейін, денесіне оқ дарымайтын қасиетті иеленген. Табан аңдысқан дұшпандардың зығырданын қайнатқан қасиеті – денесінің болаттай беріктігі болған.
Үкаша аңызының тәмам тұсы да, сол – дұшпандары жас әйелін алтын-күміспен арбап, таң намазы тұсында денесінің балқитын құпиясын ашқан. Осылайша өз дегендеріне жетіп, таң намазы үстінде еңкейіп тұрған әруақты кісінің басын алады. Ауыздан ауызға жеткен аңыз желісінде ол намаз оқыған уақытта төңірек түгелдей елтіп, балқып қоя береді екен. Әлі күнге мазары басында қылыштың ізі мен болған оқиғаның Масат аңызына ұқсас атрибуттары қаз-қалпында сақталған. Маңғыстаулық әулиенің аңызынан бір ерекшелігі – Үкашаның қырық құлаш құдығы. Осы құдық арқылы басы домалап, Пайғамбардың жерленген жерге барып түскен деген эфсана бар. Бұл, құдықтың суы Меккедегі зәмзәм суына жалғасады-мыс. Бүгінде алыс-жақыннан арнайы жиылатын жұрт қасиетті әулие мазарына құран бағыштап, құдықтағы судан дәм татады.
Масат және Үкаша аталардың аңызы осы. Мұндай мифтік образ – оңтүстіктегі Домбы атаға да телінген. Домбы есімді қасиетті кісінің де осал тұсын тапқан дұшпандары басын шапқан делінеді. Ол - басын ұстап құбылаға жүгірген тағы бір аңыз кейіпкері.
Мұндай адам санасына әрең сыятын аңызда тек қазақ халқында ғана емес, Тибетте де бар екен. ХІ ғасырда өмір сүрген Миларепа есімді әулие егде тартқан шағында айырықша қасиетке ие болған. Бір күні шәкірті келіп оның керемет күшін көрсетуін сұрайды. Ол өзі тұратын үңгірдің қабырғасын балқытып, тасқа өз қолының ізін қалдырған. Бұл, аңыздан қалған қара тастағы қолдың ізі әлі күнге сол мемлекеттің азаматтарын таңдандырумен келеді.
Енді, Маңғыстаудағы, Ойыл мен Жылойдағы «Бала әулиелерге» тоқталайық. Мұндай киелі жандар, һәм, мазарлар өте көп және оқиғалық желісі өте ұқсас.
Бала әулие – аңыз бойынша бір молданың қырық шәкірті болыпты. Ел шетіне жау тиіп, шайқаста молданың түгел шәкіртін қырып кеткен. Соның арасында бір бала шабылған басын етегіне салып, құбылаға қарай жүгірген дейді. Жетіп жығылған жерді сол кездегі халық қасиетті орынға санап, әулие атандырған.
Әу баста, аңыздың нұсқасы ретінде, елге жау шапқаны және молда мен шәкірттерді қырып кеткені туралы айтылып жүрген. Кейінірек аңыздың екінші нұсқасы пайда болып, онда қырғыннан кейін қырық шәкірттің ішінен бір бала етегіне басын салып алып, құбылаға қарай бөліне жүгіретіні және көп ұзамай жан тапсырғаны қосылған.
Ал, жетіп жығылған жері деп саналатын Маңғыстаудағы Тұщыбек елдімекенінің қасындағы «Сарытаған», Шайыр аулы маңындағы «Қырықкез» қорымының маңы, Ақшымырау селосының жанындағы «Көп шейіт», бұдан бөлек, Жылой мен Шағырой, Доңызтау мен Ойыл-Сағыз бойында «Бала әулие» қорымдары бар. Бір ғана Маңғыстау түбегінде бес бірдей «Бала әулие» аталған жерлер бар.
Аталған әруақты кісілердің барлығы – бір аңыздың желісін құрайды. Сонымен қатар, тарихтағы «Қыз әулиелердің» де көптігі белгілі.
Сонда, жау қолынан қапияда қаза тауып, етегі немесе жайнамазына басын сала құбылаға қарай жүгірген осы жандардың барлығы – бір адам болуы мүмкін бе? Әлде, Масат пен Үкаша аталар, Бала әулиелер өмір сүрген дәуірлердегі біртекті суфилік әулие тұлғаларды қалыптастыру аңыздары ма?
Зерттеп шығу мүмкін бе?
Қазақ даласындағы осындай аңыздарға зерттеулер жүргізгендердің басында қазақтың біртуар перзенті – Шоқан Уәлиханов тұр. Оның жазуынша, Ақсақ Темір мен Тоқтамыс хандар тұсындағы діни соғыстар тұсында тарихи тұлғалардан «әулие жасау» үрдісі қалыптасқан. Бұл дегеніңіз, сол кездегі жұртшылыққа сопылық ағымды түсіндіру бағыты, мұсылмандық шариғаттан адасып жүргендерге Жаратушының құдыреттілігін және назары түскен пенделеріне берген ерекше қасиетін жалпыға бірдей жария ету ісі сияқты көрінеді.
Ал, әлемге Ислам дінін таратушылар мен ресми үкімет өкілдері, яки, сопылық ағымнан тыс жандар арасындағы бітпес дау кезінде, суфизмді дәріптеушілерді жаппай қыру сипаты – «Бала әулие» аңыздарына саяды. Өз заманында дін таратушыларды қазіргі көзқарастағы «оппозициялық тұлғалар» санатына жатқызуы да мүмкін делінеді.
Маңғыстаулық өлкетанушы-ғалым Серікбол Қондыбайдың пайымдауынша, бұл аңыздар - көне исламға дейінгі мифтік түсініктердің көптеп пайдаланылуынан туған. Домалаған бас, етекке салып алған бас, шетке қашқан біреу — осының бәрінің көне мифологиядан қалған фрагмент екендігінде күмән жоқ екенін айтады.
Ара-жігін ажырату мүмкін еместігі айқын, зерттеулер де қазып анығына жете алмайды. Бір белгілісі, болған оқиғалардан қалған тәбәріктер – тасқа ойылған адам аяғының іздері, қылыш ойған тас және тағы басқалар. Демек, аңызды жоққа шығара алмайсыз, бір оқиғалық эфсананың бірнеше жерде болған дәлелі
Зерттеулерді оқи отыра, шындыққа жанасар тұсы деп – жоғарыдағы әулиелер өмір сүрген кездердегі сопылық ағымды қалыптастыру мақсатындағы «әулие жасау» үрдісі дегенді құп көреді жұрт. Сонда, қасиетті жандардың қатарын толықтырып тұрғандардың барлығы бір адам және бір аңыз болса, мұндай уақиғалық аңыздар өзге де әулиелер тән емес пе?
(Суреттер ашық интернет көзінен алынды)
https://el.kz/