Сталинге хат жазған қазақ қызы.
Алматы облысының Қарағаш жерінде Маман әулетінде дүниеге келген Халида Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс штрафротасында болған жалғыз қазақ қызы.
1941 жылдың 31 қаңтарында республикалық комиссияның шешімімен Халида Мамановаға дәрігер статусы берілді. 1942 жылы Қызыл әскер құрамына шақырылған.
Сонда Сталинге жазған хатында: «Егер мен «халық жауы» болсам, штрафротаға жіберіңіз. Тірі қалсам менің отбасыма, маған тағылған жаланың барлығын алып тастайсыз» деп жазады. Міне қазақ қызының қайсарлығы, батырлығы, бауырмалдығы, намысшылдығы.
1969 жылы медицина ғылымдарының докторы атанып, кейіннен оның ғылыми жұмыстары Франция астанасы Париж қаласында оқылған.