«Қайсар» Түркияда ресейлік командамен кездеседі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық «Қайсар» командасы Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын бастады. Онда Ресейдің «Крылья Советов» командасымен кездесетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқу-жаттығу жиынында команда ойыншылардың әлеуетін байқайтын болады. Айта кетерлігі, алғашқы оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» басшылығы бірқатар шетелдік, қазақстандық және жергілікті футболшылармен келісім-шартқа отырды. Екінші оқу-жаттығу жиынына қақпашылар - Александр Григоренко, Марсель Исламқұлов, Нұрымжан Салайдин, қорғаушылар - Иван Садовничий, Абдель Азиз Ламанж, Иван Граф, Александр Марочкин, Валентин Чуреев, Ілияс Әмiрсейітов, Марин Оршулич, Олжас Алтаев қатысады. Сондай-ақ, жартылай қорғаныста Марат Хайруллин, Марк Гурман, Джон Арнольд Джошуа, Думан Нәрзiлдаев, Асхат Тағыберген, Мақсат Байжанов, Бекзат Кұрманбекұлы, Тигран Барсегян, шабуылда Өркен Махан, Братислав Пуношевац, Игорь Зенькович, Куле Мбомбо Ричард, Шоқан Абзалов ойын көрсетеді. Аталмыш оқу-жаттығу жиынында «Қайсар» көптеген жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.Олардың қатарында Ресейдің Премьер-лигасында ойнайтын «Крылья Советов» (Самара) командасы да бар. Сондай-ақ, қызылордалық ұжым Ресейдің «Нижний Новгород», «Балтика», Украинаның «Десна», Болгарияның «Царско Село», Грузияның «Вит», «Сабуртало», Түркіменстанның «Алтын Асыр» командаларымен шеберлік байқасады. Команда 22 ақпанға дейін Түркияда жаңа маусымға әзірлігін жүргізеді.
inform.kz